lOGO-NIS-TURKISTAN5-993x1024 (1)

Қазақ әдебиеті» айлығы қорытындыланды

Назарбаев Зияткерлік мектептерінде желілік өткен «Қазақ әдебиеті» айлығы бүгін Түркістандағы НЗМ-де өз мәресіне жетті. Қазақ тілі мен әдебиетін жандандыруда айтарлықтай үлесін қосқан айлық барысы зияткерлер мен мектеп ұжымы үшін жоғары деңгейде өтті.

Айлықтың жабылу салтанатында оқушылар «Ұлы дала ақындарының өлеңдерін» хормен айтып, мектеп директоры Балқан Маратұлы сөз сөйлеп, тіл мәдениетін көтеруде «Қазақ әдебиеті» айлығы үлкен үлес қосқанын атап өтті.

Сондай-ақ шарада 1 ай бойы өткізілген іс-шаралар туралы арнайы бейнеролик көрермен назарына ұсынылды.

Жабылу салтанатында мектеп мұғалімдері атап айтсақ, тіл жанашырлары ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Қожахмет Бағлан халық әні «Балқадишаны» жүрекпен тебірентіп орындаса, орыс тілі пәнінің мұғалімі Иван Сергеевич С.Торайғыровтың «Ана» атты өлеңін мәнерлеп оқып, оқушылар мен мектеп ұжымының қошеметіне бөленді.

Сондай-ақ айлық барысындағы «ReadX» жобасында өз оқыған кітаптарын ұсынған зияткерлер, бұл жолы сахналық қойылым қою арқылы ерекше тәсілмен түсіндіріп өтті.

Онымен қоса, тарих пәнінің мұғалімдері де оқушылармен бірге белгілі ақындардың өлеңдерінен поэзия оқып, ерекше көңіл күй сыйлады.

Шара соңында «Қазақтың 100 әні» жобасы аясында зияткерлер дайындаған арнайы караокеде мектеп ұжымы мен оқушылар ән шырқап, айлықтың жабылу салтанаты ерекше патриоттық рухпен қорытындыланды.