lOGO-NIS-TURKISTAN5-993x1024 (1)

«ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ» АЙЛЫҒЫ БАСТАУ АЛДЫ

«Қазақ әдебиеті» айлығың ашылуы мектеп фойесінде Ұлы дала ақындары мен жазушыларының шығармаларының ішіндегі таңдаулы кітаптарынан орнатылған кітап көрмесімен бастау алып, зияткер оқушыларымыз ақын-жазушыларымыздың шығармашылығымен танысты.

Сондай-ақ, атаулы іс-шаралар легін жалғастырған айрықша кеш мектебіміздің тарих пәнінің мұғалімі Бақытжан Дүкенбайдың «Құмсағат» өлеңдер жинағының таныстырылымы өтті. Онымен қоса, 12 сәуір мен 12 мамыр аралығында өткізілетін іс-шаралар тізімі таныстырылды.

Кітаптың ашылу салтанатында мектеп директоры Балқан Маратұлы алғысөз сөйлеп, өз құттықтауын жеткізді.
Дүкенбай Бақытжан Әбенұлы 1994 жылы 6 мамырда Түркістан қаласында дүниеге келген. Облыстық, республикалық жыр мүшәйраларының жеңімпазы.

Поэзиялық кеште мектеп оқушылары Бақытжан Дүкенбайдың көкей тесті шығармаларын оқып, ақынның қаламынан туған жырларының тарихын білді.

Сонымен қатар, зияткер оқушыларға тарих пәнінен сабақ беруде мұғалімі, қаламы қарымды ақынның сөзіне жазылған өлеңдерді кеш қонақтары жас ақын, журналист Тілеубек Батыс пен №28 мектеп лицейінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Өмірбек Нышанбеков «Әке» әнін орындап тыңдармандардың жүрегін жаулай білді.

9 «В» сынып оқушысы Ілес Балауса алған ақынның өлең жырларынан әсерін жеткізді:
— Жалпы мен үшін ақындық орны ерекше Бақытжан Дүкенбайдың «Құмсағат» өлеңдер жинағы қатты әсер етті. Өмірдің ащысы мен тұщысын қағазға түсірген бұл кітап кез-келген өнер сүйер қауымның жүрегінен орын алары сөзсіз,- деп зияткер оқушымыз ақын өлеңдерін кітап сүйер қауымға дәріптеп отыр.
Кеш соңында Бақытжан Дүкенбайұлы «Құмсағат» кітабын директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мира Бейсеноваға табыстады.
Көңіл тебірентер әдеби кештен соң, Түркістан облысының белді ақындарының шығармаларын дәріптеген «Замандастар жырлары» поэзия кеші жалғастырды.

Кеште оқушылар Түркістан облысының жас ақындары Дәурен Ақсақалов, Арқалық Амалият, Еламан Төлеутай, Рысгүл Досжанова, Тілеубек Батыс, Мұқағали Кенжетай, Дәурен Тілеухан мен мектеп мұғалімі Бақытжан Дүкенбайдың өмірбаяндары мен жеткен жетістіктерімен танысты.

Зияткер оқушыларымыз жас ақындардың өлеңдерін оқып, сондай-ақ өздері шығарған өлеңдерін мәнерлеп оқып беріп, әдеби кештің көркін қыздырды.