lOGO-NIS-TURKISTAN5-993x1024 (1)
«Қазақ тілі» апталығының үшінші күні
 
🌱«Қазақ тілі» апталығының аясында «Сөз менеджменті» жобасымен NIS Talks шарасы және 7 сынып оқушылары арасында «Wiki бәйге» зияткерлік сайысы өтті.
 
🌱NIS Talks шарасына 7-8-9 сынып оқушылары қатысып, әр сыныптан бір спикер сөйлеп, адамға рухани азық сыйлауда кітаптың берер пайдасы туралы өз ойларын ортаға салды. Сонымен қатар, мектебіміздің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Бағлан Қожахметұлы «Кітап оқудағы нақты кеңестер» тақырыбында оқушыларға кітап оқуда қажетті арнайы ресурстар туралы айтып, өз тәжірбиесімен бөлісті.
 
🌱«Wiki бәйге» сайысында оқушыларға әлем әдебиеті мен қазақ әдебиетіне байланысты сұрақтар қойылып, зияткерлер әдебиетке байланысты қызықты ақпараттармен таныс болды.