lOGO-NIS-TURKISTAN5-993x1024 (1)
🌱Түркістан қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Қазақ тілі» апталығы басталды.
 
🌱Апталықтың ашылу салтанаты мектептің мәжіліс залында өтіп, оқушылар қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбаевтың өлеңдері мен өзге де ақындардың шығармаларын мәнерлеп оқыды.
 
Онымен қоса, өнерлі оқушыларымыз домбырамен күй тартып, шашу шашып апталықтың ашылу салтанатының көркін қыздырды.
 
🌱Сонымен қатар, апталықтың бірінші күні Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын, жазушы, бауыржантанушы, ПШО тренері Абай Қалшабекпен рухани кездесу өтті. Кездесуде Абай Батырұлы даңқты жауынгер Бауыржан Момышұлының қазақ әдебиетінде алар орны мен жазушының өмір жолы мен шығармаларынан сыр шертті. Онымен қоса, мектеп мұғалімдері ақын Абай Қалшабекке аңыз адам Бауыржан Момышұлы жайлы көпшілік біле бермейтін қызықты деректерге байланысты сұрақтар қойды.
 
🌱«Қазақ тілі» апталығының бірінші күніндегі іс-шаралар легін бауыржантанушы, ақын Абай Қалшабек Батырұлымен рухани кездесу қорытындылады.