🌱«ҚАЗАҚ ЕЛІ ОСЫНДАЙ» АТТЫ ПАТРИОТТЫҚ ӘНДЕР БАЙҚАУЫ ӨТТІ
25-қазан Республика күніне орай мектебімізде «Қазақ елі осындай» атты патриоттық әндер байқауы өтті. Атаулы іс-шараға 7-8 сынып оқушылары белсене қатысып, өз өнерлерін көрсетті.
Байқаудың мақсаты оқушыларымызды отансүйгіштікке тәрбиелеу және елімен жеріне деген құрметін арттыру. Өте жоғары деңгейде өткен бұл байқауға мектеп ұстаздары қазылық етті.
Байқауда «Мен қазақтың ұлымын» әнін тамылжыта шырқап, көрерменнің құлақ құрышын қандығаны үшін 7-сынып оқушысы Пірәлі Әлинұр бас жүлдені қанжығасына байлады, 1-орынды 8-сынып оқушысы Кулымбетова Камшат иеленсе жүлделі екінші орынды 7-сынып оқушысы Тұрсынбай Тамирлан жеңіп алды, 3-орынға 7-сынып оқушылары Дилмуратова Зиеда мен Назарбек Әсемай лайықты деп танылып, байқауға қатысқан барша үміткерлер ынталандыру сыйлығымен марапатталды.
Өз деңгейінде өткен іс-шараны мектебіміздің директоры Балқан Маратұлы қортындылап, өнер көрсеткен оқушыларға ризашылығын білдіріп, шығармашылық табыс тіледі