lOGO-NIS-TURKISTAN5-993x1024 (1)

«Қажи Нұрсұлтанұлы оқулары» атты ІV Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті

Бүгін Семей және Түркістан қалаларындағы «Назарбаев Зияткерлік мектептерінде» математика мұғалімдерінің «Қажи Нұрсұлтанұлы оқулары» атты ІV Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.

Конференцияның ашылу салтанатында Семей қ, ФМБ НЗМ мен Түркістан қ, ХББ НЗМ директорлары алғысөз сөйлеп, шараға қатысушыларға өз біліктіліктерін арттыруда сәттілік тіледі
Практикалық конференция 3 секция бойынша:

1-секция: Математика мұғалімінің іс-әрекеттегі зерттеуі: перспективалары мен проблемалары.
2-секция: Өңірлік ғалым-математиктердің еңбектерін оқу процесі арқылы насихаттау.
3-секция: Цифрлық дәуір құндылықтары: оқушы, отбасы, мектеп, қоғам.
тақырыптарында жүргізілді.

Сонымен қатар, Қ.Н. Нұрсұлтанов атындағы математика пәнінен ІV республикалық олимпиадасына қатысқан Түркістан өңірінің оқушылары марапатталды.

Семей қаласының физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі мен Түркістан қаласы ХББ НЗМ дарынды балаларды анықтау және қолдау, білімді дәріптеу мен оқушылардың математикалық дағдыларын дамыту мақсатында еліміздің 5-6 сынып оқушылары арасында Қ.Н. Нұрсұлтанов атындағы математика пәнінен ІV республикалық олимпиадасының ақтық кезеңін өткізді.

Олимпиаданың қорытынды кезеңіне қатысқан оқушыларды мектебіміздің директоры Балқан Маратұлы мен директордың ғылыми әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Нартай Советханұлы арнайы сертификаттармен марапаттады.