«Ағашты жердің ырысы мол» демекші Зияткерлік оқу ордамызда оқушылар түрлі жеміс ағаштарын егіп, мектебіміздің өзін-өзі басқару ұйымы және кураторлар бірлестігінің ұйымдастыруымен «Jasyl mektep» жобасы аясында эко акция өтті.
Оқушылар 3 түрлі жеміс ағаштарынан 20 түп отырғызып, мектептің жасыл желекке бөленуіне өз үлестерін қосуда.