lOGO-NIS-TURKISTAN5-993x1024 (1)
Шаңырақтар флешмобы
 
🌱Мектебімізде «Қазақтың 100 әні» жобасы аясында «Шаңырақ» оқушылар қауымдастығы арасында педагог-кураторлар бірлестігінің ұйымдастыруымен флешмоб би жарысы өтті.
 
🌱Сайыс критерийі бойынша әр шаңырақ «Қазақтың 100 әніне» кіретін әндерден бір ән таңдау арқылы және синхронды би билеуде өз флешмобтарын көрсетулері қажет.
 
🌱Аталған талаптар бойынша «Тайқазан», «Арыстанды» шаңырақтары үздікке еніп, 1-2 орынға таласты.
 
🌱Қызу бәсекелестікке толы өткен би жарысында батлға шыққан қос шаңырақ арасынан 1 орынды «Тайқазан» шаңырағы, 2-орынды «Арыстанды», «Хантағы» шаңырағы 3 орынды иеленді.