🌱Шаңырақтар арасында тартысты өткен «Brain Challenge» зияткерлік сайысы
Апталықтың үшінші күнін қорытындылаған айшықты әрі тартысты іс-шарасы «Brain Challenge» Quiz сайысы химия-биология және педагог-кураторлар әдістемелік бірлестіктерінің ұйымдастыруымен шаңырақтар арасында өткізілді.
Сайыста зияткер оқушыларға «Қазақ әндері», «Жүз күйдің тарихы», «Зияткерлік мектеп оқушыларына оқуға ұсынылатын 100 кітап» жобалары, «Туған елге тағзым» өлкетану бағыты бойынша, география, химия, биология, информатика пәндері аясында қызықты сұрақтар қойылды.
Интеллектуалды сайыс барысында мектеп ұжымы тарапынан арнайы видеосауалдар жолданды. Тьюторларымен бірлесе қатысқан тартысты дода оқушылардың таным-көкжиегін кеңейтуге, әртүрлі тақырыптарда өзара пікір алмасуға және интеллектуалдық қабілеттерін паш етуге мүмкіндік берді.
Сайыс соңында шаңырақтардан құралған топтар сыйлықтарға ие болып, жеңімпаздарға арнайы жүлделі жолдамалар табыс етілді.
🥇І орын «Алаш Forever» 🥈ІІ орын «MonBlan» 🥉ІІІ орын «Алхимики» командалары иеленді.