Бұл — шахмат үстелі. Шахмат — ақыл-ойды дамытатын спорт түрі және әлемдегі кең таралған ойындардың бірі. Оқушылардың үзіліс уақытын тиімді өткізуі үшін мектеп дәліздеріне шахмат үстелдері қойылған. Шахматқа қызығатын оқушылар өздерінің қабілеттерін шыңдап, республикалық жарыстарға шығып, жүлделі орындар иеленуде.
"Мен шахматты жаңа алаңдарға апаратын кез — келген ерекше идеяларға ашықпын, шахмат ойынын басқа іс-шаралармен үйлестіру өте жақсы".