Химия-биология блогы

Бұл блокта химия және биология кабинеттері орналасқан. Сыйымдылығы 12 орындық 9 кабинет, 24 орындық 4 кабинет бар. Оның ішінде екі кабинет кеңейтілген химия және биология кабинеттері жұмыс жасайды. Арнайы Германиялық PHYWE, Франциялық Cobra, АҚШ-тық Sanakari\Pasco Scientific және отандық Казевролаб фирмаларының лабораториялық құрылғыларымен жабдықталған. Биология зертханалары әлемдік PASCO Scientific және PHYWE Systems өндірушілерінің оқу құралдары жабдықтарымен жабдықталған. PASCO цифрлық зертханалары зерттеуге бағытталған оқыту мен кәсіптік бағдарлау жұмыстарына кең мүмкіндіктер ашады. Биология және экология бойынша PASCO датчиктерінің жиынтығы орта және жоғарғы сыныптарда оқу-зертханалық және жобалау-зерттеу практикумын ұйымдастыруға мүмкіндік береді. PASCO сымсыз цифрлық сенсорларын пайдалану ыңғайлы және қарапайым навигацияның көмегімен компьютерге немесе кез-келген мобильді құрылғыға тікелей қосылатындықтан оқу уақытын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді, ал деректерді дербес жинау функциясы зерттеуге өте ыңғайлы. Жиынтыққа биология бойынша зертханалық жұмыстарды тереңдетілген оқыту деңгейінде жүргізуге мүмкіндік беретін ең танымал сандық датчиктер мен мультидатчиктер кіреді. Жиынтық көмегімен 55-ке тарта зертханалық және жобалық-зерттеу жұмыстарын жүргізуге болады.
Биологиядағы Phywe құрал-жабдықтары: TESS, DEMO, Cobra4 5 жиынтық, 120 эксперимент. Инновациялық зертханалық жиһаз жоғары технологиялық заманауи зертханалық оқыту ортасын құруға мүмкіндік береді:
— Смарт, заманауи, таңдаулы, жоғары технологиялық және стильді — 21 ғасырға сәйкес дизайндағы жаңа ғасыр мұғалімдері мен болашақ ғалымдары үшін. Оқушыларды ынталандыру үшін құрылған.
— Saturn дөңгелек жұмыс үстелі бір-бірімен тығыз жұмыс жасайтын немесе бір-бірімен топтасатын 8/9 оқушыға арналған.
— Жұмыртқа тәрізді «Меркурий» жұмыс үстелі 10/11 оқушыға арналған, осылайша олар шағын топтарда жұмыс істей алады.

Адамды тек физика, химия, биология және геологияның өсу ретімен түсінуге болады.

-Пьер Тейлхард де Шарден