lOGO-NIS-TURKISTAN5-993x1024 (1)
Халықаралық кітап сыйлау күніне орай мектеп ұжымы арасында кітап сыйлау акциясы ұйымдастырылды
 
📚14 ақпан – Халықаралық кітап сыйлау күні. 2012 жылдан бастап Эмми Бродмурдың бастамасымен халықаралық кітап сыйлау мерекесі тойланып келеді.
 
🌱Әлем халықтары бұл мерекені бір-біріне кітап сыйлау және кітап оқудан жарыс түрінде атап өтеді. Өйткені бұл мерекенің басқа мерекелерден ерекшелігі – кітап сыйлау және оқырманның назарын кітапқа аудару, әдеби мұраларды құрметтеу және насихаттау.
 
🌱Аталмыш акция күніне орай мектеп ұжымы арасында кітап сыйлау акциясы ұйымдастырылды. Акция барысында әріптестер бір-біріне түрлі кітаптар сыйлады.
Бұл мереке жас мереке болып есептеледі. Сол себепті құнды дүниені насихаттау мектеп қызметкерлерінен бастау алды.