lOGO-NIS-TURKISTAN5-993x1024 (1)
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ 6 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН АШЫҚ ЕСІК КҮНІ
 
🌱Түркістан қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі ағымдағы жылдың 15-25 қаңтар аралығында Түркістан облысының 6 сынып оқушылары үшін «Менің Түркістаным» атты интеллектуалдық байқау өткізген болатын. Байқау шарты бойынша 1 кезеңнен өткен оқушыларға, арнайы 5 және 12 ақпан сенбі күндері ашық есік күні жарияланды.
 
🌱Бүгінгі өткен ашық есік күніне Бәйдібек, Келес, Созақ, Сауран аудандары мен Кентау және Түркістан қаласының 6 сынып оқушылары келіп, мектеп бойынша экскурсиялық тур өткізілді. Турға тек оқушылар мен мұғалімдер ғана емес, ата-аналар да келіп қатысты.
 
🌱Мектебіміздің зияткер оқушылары ашық есік күнінде гид болып 3 топқа бөлініп, келген қонақтарға зияткерлік білім ордасын таныстырды. Ең алдымен оқушылар мектептің саз өнері/керамика сыныбын аралап, сазбалшықтан жасалған бұйымдармен және соңғы үлгідегі спорттық құрал-жабдықтармен жабдықталған мектептің спорт, фитнес залдарымен танысты.
 
🌱Кездесу барысында оқушылар мектептің тіл қазына кешенімен қазақ тілі сыныбы, кітапхана және жылыжайды аралап, Зияткерлік мектеп жайында біршама ақпараттар алды.
🌱Келген қонақтар тек қана мектеппен танысып қана қоймай, ашық есік күніне арнайы ұйымдастырылған «Идеялар жәрмеңкесі» мен арнайы концерттік бағдарламаны тамашалады. Жәрмеңкеде зияткер оқушылардың жасаған қолөнерлері мен ғылыми жұмыстары көрмеге қойылып, түрлі химиялық және физикалық эксперименттер жасалынды.
 
🌱Концерттік бағдарламада зияткер оқушылар флешмоб билеп, пианино тартып келген қонақтарға ерекше көңіл-күй сыйлай білді. Және де Зияткерлік оқу ордасына қалай оқуға түскендері туралы көпшіліктің алдында сөз сөйлеп, өз хикаяларын баяндап берді.
 
🌱Онымен қоса, оқушыларға Kahoot» ойыны ойнатылып, бәсекеге толы өткен сайыста аудан және қала оқушыларына Зияткерлік мектептен естелік ретінде арнайы сыйлық берілді. Ашық есік күніне қатысқан оқушылар Зияткерлік білім ордасымен толық танысып, ерекше шабыт алды.
 
🌱Сонымен қатар, оқушылар мен қоса ата-аналарда экскурсиялық турды ұйымдастырған мектеп әкімшілігіне алғыстарын білдірді.
Шара соңында зияткерлер, экскурсиялық турға келген оқушыларды мектеп әнұранын орындап шығарып салды.