Мектепте қазақ тіліне, әдебиеті мен өнеріне ерекше көңіл аударылған. «QAZAQSTAN» ұлттық телеарнасының қолдауымен жабдықталған «Тіл-қазына» кешені осы миссияны орындауға көп септігін тигізеді деп күтілуде. Кешен 3 кабинеттен тұрады. Олар, классикалық кабинет, кино-аудио зал және қазақ халық шығармашылығына арналған қазақ фольклоры кабинеттері. Мұнда жас зияткерлер қазақ жазушылары мен ақындарының, алаш қайраткерлерінің таспадағы шынайы дауысын тыңдап, қазақ киносының алтын қорындағы фильмдерді тамашалай алады.