«ТІЛ ҚАЗЫНА» АТТЫ ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ АПТАЛЫҒЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
🌱Зияткерлік мектебімізде апта бойы жалғасқан «Тіл қазына» қазақ тілі мен әдебиеті апталығының жабылу салтанаты өтті.
🌱Салтанатты шарада мектебіміздің «Шаңырақ» оқушылар қауымдастығы, «Таланттар» бәйгесінде өз өнерлерін көрсетіп, қазақ әдебиетіндегі үздік шығармаларынан түрлі сахналық қойылымдар қойды.
🌱Сонымен қатар, сайысқы қатысушы шаңырақтар ән айтып, би билеп, халқымыздың ежелгі және ұмыт қалған салт-дәстүрлеріне және мақал-мәтелдер мен жұмбақтарға байланысты сұрақтар қойылды.
🌱Сайыс соңында «Таланттар» бәйгесінде өз өнерлерін паш етуде топжарған шаңырақтарға және апталық аясында ұйымдастырылған сайыстар мен іс шараларға белсене атсалысқан оқушылар марапатталды.