Сәттілік моншақтары
🌱Оқушылардың тоқсандық жиындық бақылау (ТЖБ) алдындағы психологиялық қолдау мақсатында тоқыма жіптен жасалған сәттілік моншақтарын тағу арқылы арнайы акция өткізілді.
🌱Шара барысында оқушылар тоқыма моншақтың бірнеше бөлігінен бір бөлігін алып, мұғалімге не болмаса кураторына, сыныптасының моншағына байлап, өз тілектерін білдіреді.
🌱Мектебіміздің педагог-психолог маманы тоқсандық бақылау алдында оқушылардың бойларындағы алаңдаушылық пен уайымнан арылтуда психологиялық қолдау акциясы оң әсерін береді дейді.
🌱Аталмыш акция мектебіміздің педагог-психологы Жанна Маратқызының ұйымдастыруымен өткізілген болатын.
🌱Шараға қатысқан оқушылар мен мұғалімдер сәттілік моншақтарын тағуда жылы лебіздер мен тілектер айтып, бір-бірлеріне көтеріңкі көңіл-күй сыйлай білді.