Спорт блогы

Мектебімізде үлкен және кіші зал, жаттығу залы бар. Үлкен залда оқушыларға спорт ойындарына керек қондырғылар орнатылған. Ал жаттығу залы денені шынықтыратын барлық құралдармен қамтамасыз етілген.
Жаттығу залы
Оқушылар мен қызметкерлерге арналған тренажер залы  KPOWER фирмасының жүгіру жолағы (беговая дорожка) Lit Fitness фирмасының  жалпы саны 27 дана дене шынықтыру техникаларымен жабдықталған. Жаттығу залы сабақтан тыс уақытта салауатты өмір салтын ұстауға мүмкіндік береді.
Кіші спорт залдары
Кіші спорт залы залы түрлі гимнастикалық жаттығулар орындауға арналған. Баскетбол мен волейболға арналған орын мен жабдықтар, батут және альпинисттік қабырғамен жабдықталған. 2 теннис столы, 21 гимнастикалық қабырғалар мен 2 баскетбол щиттарымен жабдықталған. Үлкен спорт залы мектеп ғимаратындағы ең көлемді нысандардың бірі. Зал волейбол, баскетбол, мини футбол және түрлі спорттық ойындар мен эстафеталар өткізуге арналған. Оқушылар, мұғалімдер және ата-аналар арасында спорттық іс-шаралар жоспарланған.

Дене шынықтыру пәні мұғалімі

Қалдықұлұлы Алғабек

Адам денесінің жетілуі - оның денсаулығы; егер денің сау болса, онда оны сақтамақ керек, ал егер сау болмаса, онда денсаулықты жетілдіру керек

Әл-Фараби