FIT-NIS СПОРТ ҮЙІРМЕСІ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАР САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҰСТАНУДА
«Спорт-денсаулық кепілі» демекші, мектебімізде оқушылар спорт үйірмесіне қатысып, салауатты өмір салтын ұстануда.
Спорттық жаттығулар адам баласына қашан да пайдалы. Күні бойы өзіңді сергек сезініп жүрудің де бір тәсілі – спорт. Ғалымдар зерттеуіне сүйенер болсақ, спорт адамды шат-шадыман өмір сүруге де жетелейді екен.
Спортпен шұғылдану адамдардың денсаулығы мен иммундық жүйесін нығайтады, көптеген вирустық инфекциялар мен аурулардан қорғайды. Спорт-ерік-жігерді дамытудың тамаша құралы. Сонымен қатар, эмоционалды стрессті, ашуланшақтықты және депрессияны жеңуге көмектеседі, адам мінезін тәрбиелеуде өзіне деген сенімділікті арттырады.
Оқушылардың спортпен шұғылдану физикалық тұрғыдан ғана емес, шығармашылық белсенділік пен шығармашылық ойлауды дамытуда оң әсерін береді.
Сол себепті оқушыларымыз спорт үйірмесе белсене қатысып, спортпен шұғылдануды әдетке айналдыруда.