lOGO-NIS-TURKISTAN5-993x1024 (1)
ДАНАЛЫҚ БЕЙСЕНБІДЕ ҚОНАҚТА NEET САНАТЫНДАҒЫ ЖАСТАРМЕН ЖҰМЫС ЖҮРГІЗУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ ОСПАН ҚҰДАЙБЕРГЕНҰЛЫ
🌱Зияткерлік мектепте «Даналық бейсенбі» бағдарламасының кезекті қонағы болып Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының жастар ресурстық орталығы КММ-нің жастарға қызмет көрсету және NEET санатындағы жастармен жұмыс жүргізу бөлімінің басшысы Жүсіпов Оспан Құдайбергенұлы келді.
🌱Кездесуде қонағымыз оқушылармен танысып, жастармен жұмыс жасауда өз тәжірибиесімен бөлісті. Түркістан облысы бойынша NEET санатындағы жастармен қалай жұмыс жасайтыны жөнінде сөз қозғады. Neet санатындағы жастар деген кімдер, жалпы Neet термині ғылымға қалай енгені туралы оқушыларға толық мағлұмат берді.
— Ғылымда NEET термині ағылшын тіліндегі «Not in Empoloyment. Education or Trai­ning» ұғымының бас әріптерінен құралған. Қазақ тіліне аударсақ «не жұмыс істемейтін, не оқымайтын, не өзге де істермен айналыспайтын адам» дегенді білдіреді. Бұл қазіргі таңда әлемдік проблема. Түркістан облысының өзінде Neet санатындағы жастар бар. Жалпы орталық осы санаттағы жастармен көптеген жобалар бойынша жұмыс жасады. Біздегі негізгі мақсат Neet санатындағы жастарды:
• ЖОО түсіру;
• Тұрақты жұмысқа орналастыру;
• Кәсіпке баулу
– деп, орталықтағы жұмыстың негізгі мақсатын түсіндірді.
🌱Оспан Құдайбергенұлының сөзінше, былтыр Түркістан облысы бойынша 300-ге жуық жастардың басын біріктіріп, ұлттық ойын түрлерінен жарыс ұйымдастырып, нәтижесінде жастар бір-бірімен тығыз байланыс орнатқан.
🌱Онымен қоса, орталық қаладағы «Жұмыспен қамту» орталығымен бірлесе отырып, арнайы мемлекеттік бағдарлама бойынша жастар тұрақты жұмысқа орналасты.
🌱Кездесу соңында, мектеп директоры Балқан Маратұлы сөз сөйлеп, облыстық жастар ресурстық орталығымен жас өскіндердің келешегі үшін бірлесе жұмыс жасауға шақырды.