Ең қызықты әрі заманауи кабинеттердің бірі робототехника кабинеті. Ғылым мен білім дамып адам еңбегін роботтар алмастырған дамушы кезеңде зияткер оқушылар үшін бұл кабинеттің маңызы зор. 12 оқушыға арналған кабинетте лего конструкторлары қарастырылған. Онымен қоса, орталықта орналасқан алаңшалар арқылы оқушылар құрастырған роботтар сынақтан өтеді. Кабинет 3D принтерлер және робототехника үйірмесінің құралдарымен жабдықталған. Мынау роботтарды өздігімен А ннктесінен В нүктесіне дейін арнайы бадарламалау арқылы жеткізетін алаң. Ал мұнда роботтар айқасы өтеді. Роботтарды арнайы пультпен басқару арқылы жекпе жек ойындар өткізе алады.