lOGO-NIS-TURKISTAN5-993x1024 (1)
Психологиялық «Калейдоскоп» ойыны мектеп ұстаздарының бірлігін нығайтты
 
Жаңа оқу жылының басталуына санаулы-ақ күндер қалды. Осы тұста мектеп ұжымы мен мұғалімдері жылдық жоспарларын дайындап, қызу дайындық үстінде. Бүгінде мектеп ұстаздары оқыту процесінің алдында өздерін психологиялық тұрғыдан да дамытып, оқу жылын сәтті бастауда жаңа серпін алды. Оған себеп, мектеп психологы ұйымдастырған психологиялық тренинг болып отыр.
 
Педагог-психолог маман Жанна Арынбаева мұғалімдерге «Калейдоскоп» үлкен психологиялық ойынын ойнатты. Ойын мақсаты — әлеуметтік жағдайларда өзін-өзі бақылау қабілетін дамыту, өзінің іс-әрекеттеріне талдау жасау, ұжымды біріктіру және эмоционалды ахуалды тудыру. Жалпы бұл тренинг ұстаздардың оқушыларға оқу процесінде қолданылатын арнайы ойын болып табылады.
 
Ойын барысы арқан жіптен жасалған шеңбер ішінде бір тығыз топқа жиналудан басталып, берілген түрлі-түсті шыны бөлшектеріне өз арман мақсаттарын жазуда мектеп калейдоскобын құрастыруға жалғасты.
Калейдоскоптың түрлі өрнектерін біріктіруде ұстаздар өзара ортақ көп нарселері бар екенін, берілген тапсырманы орындауда, сыни ойлау дағдысы мен бәсекеге түсу инстинктін қалыптастыруда жеке, жұптық, командалық жұмыстың маңызды екенін түсінді. Сонымен қатар, аталмыш ойынға жаңадан қызметке түскен ұстаздарда қосылып, әріптестерімен бірге жаңа ортаға бейімделе түсті.
 
Ойын соңында өзгеше көрініске ие болған мектептің калейдоскобы жасалып, мұғалімдер «Сәттілік жұлдызы» атты ерекше атау берді.
 
Психолог маман Жанна Маратқызы бұл ойынды оқу барысында, әр сынып жетекшілері пән мұғалімдерімен бірігіп өткізсе, сабақ процесінде өз септігін тигізеді дейді.
Тренингке қатысқан жаңадан келген мұғалімдер аталмыш ойын туралы өз ойларымен бөлісті:
 
— Бүгін менің Зияткерлік мектепте жұмыс бастаған алғашқы күнім. Бірінші күннен бастап, ұжыммен бірге психологиялық тренингке қатысу ерекше таныстық алаңы болды. Өзіңнің және айналаңдағы адамдардың бойындағы дағдыларын меңгеруде септігін тигізді. Алдағы уақытта оқушылармен бірге олардың қарым-қабілеттерін анықтауда осы психологиялық ойынды қолданатын боламын, деп өз әсерлерін жеткізді.