lOGO-NIS-TURKISTAN5-993x1024 (1)
Оқушылардың басымды профилін анықтауда семинар-практикум өтті
🌱Мектеп психологы Жанна Арынбаева мұғалімдер мен кураторларға «Оқушылардың басымды профилі, немесе оқытуды қалай жетілдіруге болады» атты семинар-практикум өткізілді.
🌱Семинарда педагог-психолог басымды профиль деген не, оның тұлға үшін маңызы қандай осы сауалдар бойынша толық түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
🌱Доминантты профиль жеке бағалаудың бұл әдісі кез-келген оқушының оқу ерекшеліктерін анықтауға көмектеседі. Неліктен доминанттар біздің оқыту және мінез-құлық тәсілімізге қатты әсер етеді? Бұл сұрақты түсіну үшін педагог-психолог Жанна Арынбаева көздің, құлақтың, қолдың және аяқтың ми жарты шарларымен байланыс туралы білудің қажет екенін түсіндірді.
🌱Практикумда мұғалімдер мен кураторлар дене мүшелерінің соның ішінде көз, құлақ, қол, аяқ мүшелерінің басымды жақтарын анықтау әдістерін жасады. Онымен қоса, оқушының басымды профильдерін анықтауда арнайы ресурстар арқылы бланк толтырды.
Алдымен көрсетілген суреттерді жазбаша суреттеу арқылы ми жартышарының және қай жағы оң мен сол жағының басымды профильдерін анықтады.
🌱Өткізілген семинар-практикумда мұғалімдер мен кураторлар арнайы жаттығулар мен тест жасай отырып оқушылардың басымды профилін анықтаудың қаншалықты маңызды екенін түсінді.