Зияткерлік мектепте «Сырлы сұхбат» жобасы аясында педагог-кураторлар бірлестігі және өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен мектеп интернатында поэзия кеші өтті.
Кештің алғашқы қонағы болып директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Бауыржан Ильясов келіп, оқушылармен рухани кеш жүргізді. Сондай-ақ, Бауыржан Әділханұлы кеште өзінің авторлық өлеңін оқып беріп, зияткер оқушыларымыз ерекше әсер алды.
Онымен қоса, оқушылар елге танымал ақын-жазушылардың шығармаларынан үзінді оқып беріп, өз бастарынан өткерген қызықты оқиғалары жайында әңгіме өрбітті.
Ерекше шабыт сыйлай білген поэзия кеші, оқушылардың көпшілік алдында сөйлеуде қорқыныштарын жеңуге және бойларында сенімділіктің артуына оң әсерін тигізді.