Оқу жылының қорытындысы бойынша ата-аналар жиналысы өтті
Бүгін жазғы мектептің жабылу салтанатымен қоса, Зияткерлік оқу ордамыздың 2021-2022 оқу жылының қорытындысы бойынша 8-9-сынып ата-аналарымен жиналыс өткізілді.
Жиналыста, өткен оқу жылындағы жеткен жетістіктер мен көрсеткен нәтижелер баяндалып, алдағы оқу жылына қойған жоспарлар туралы қысқаша айтылды. Және де жиында қозғалған басты тақырып -оқушылардың ағылшын деңгейін жоғарылату, IELTS емтиханына дайындықты арттыру.
Сондай-ақ, мектеп директоры Балқан Маратұлы оқушылардың ағылшын деңгейіне тоқталып, жазғы демалыста ағылшын тілін меңгеруге баса назар аударуға кеңес беруде, ата-аналарға дайындық кезінде жіті қадағалауды тапсырды.
Сонымен қатар, Назарбаев университетінің докторанты Тажибекова Мөлдір Галымовна оқушылар мен ата-аналарға 12 сыныптың зияткерлер үшін маңызды екенін және қазірден бастап оқушылардың SAT және МЭСК емтихандарына тыңғылықты дайындалу қажет екенін түсіндірді.
Сондай ақ, IELTS емтиханы жайлы кеңінен түсіндіріліп, шетелдік озық университеттер мен Назарбаев Университетіне грантқа оқуға түсу жолдары туралы толық мағлұмат беріп өтті.
Мектебіміздің оқу ісі жөніндегі орынбасары Бауыржан Әділханұлы оқушылардың оқу үлгеріміне тоқталып, алдағы уақытта оқу деңгейін арттыруда мектеп мұғалімдері оқушылармен қосымша жұмыстар атқаратыны жөнінде ашып айтты.
Жиналыста ата-аналарда балаларының ағылшын деңгейін жоғарылатуда қандай оқулықтар мен арнайы ресурстарды пайдалану жөнінде ағылшын тілі пәнінің мұғалімдерінен кеңес сұрады.