lOGO-NIS-TURKISTAN5-993x1024 (1)
«МЕНІҢ ТҮРКІСТАНЫМ» АТТЫ ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ БАЙҚАУ
🌱Түркістан қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Түркістан облысы аумағындағы 6 сынып оқушылары үшін 15 қаңтар мен 5 ақпан аралығында интеллектуалды байқау өтетінін хабарлайды.
🌱Конкурс мақсаты: Оқушыларға ғылым-білімді насихаттап, олардың адами әлеуетін арттыру.
🌱Конкурстың өту шарттары:
📄✍1 кезең. 15-25 қаңтар аралығында өтеді. Қатысушы көрсетілген сілтеме бойынша («Менің Түркістаным» — НИШ ХБН г.Туркестан (nis.edu.kz)) тіркеліп, тест тапсырмаларын орындайды.
🌱2 кезең. Тесттен 70%-дан жоғары балл жинаған оқушылар Назарбаев Зияткерлік мектебіне экскурсиялық турға шақырылады. (Турдың өтетін күні туралы нақты ақпарат қатысушының электронды почтасына жіберіледі).
🌱Экскурсиялық турға келген оқушыларға арнайы зияткерлік сайысы өткізіледі.
🎁Сайыс жеңімпаздары естелік сыйлықтар және сертификаттармен марапатталады.