lOGO-NIS-TURKISTAN5-993x1024 (1)
ОЛИМПИАДАҒА ҚАТЫСУШЫ ОҚУШЫЛАРҒА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ
 
🌱Мектеп психологы Жанна Арынбаева олимпиада қатысатын оқушылар арасында психологиялық семинар-тренинг өткізді.
 
🌱Семинар мақсаты зияткер оқушылардың олимпиадаға қатыспас бұрын бойларындағы алаңдаушылықты жою және мазасыздық деңгейін төмендету, өзіне деген сенімділік пен ерік-жігер деңгейін арттыру болып табылады.
 
🌱Семинарда оқушылар бір-бірімен танысып, түрлі жаттығулар жасап, өзін-өзі бақылау дағдыларын арттыра білді. Сонымен қатар, педагог-психолог Жанна Маратқызы оқушыларға олимпиадаға дайындықта топтық жұмыс жасаудың және олимпиада мен дайындық кезінде эмоцияны дұрыс басқарудың маңызды екенін түсіндірді.