lOGO-NIS-TURKISTAN5-993x1024 (1)

ОБЛЫС АҚЫНДАРЫН НАСИХАТТАУ

Зияткерлік мектебімізде желілік «Қазақ әдебиеті» айлығы бастау алған болатын. Осы орайда айлық іс-шаралар легін жалғастырған «Замандастар жырлары» және «Қоғамға қызмет» жобалары аясында зияткер оқушылар Түркістан облысының белді, жас ақындарын қала тұрғындарына насихаттау мақсатында сауалнама жүргізіп, таныстырды.

Айта кетейік, жергілікті ақындарды насихаттау жұмыстары инстаграм желісіндегі мектептің ресми парақшасында тікелей эфирде жүргізіліп, қоғамдық көліктен басталып, көпшілік қауым жиі бас қосатын сауда орынында жалғасты.

Қала тұрғындары ақындардың жетістіктерімен танысып қана қоймай, олардың шығармашылығымен де танысты.