lOGO-NIS-TURKISTAN5-993x1024 (1)
НЗМ ДББҰ миссиясын жетілдіруде оқыту семинары басталды
 
🌱Түркістан қ. ХББ НЗМ Назарбаев Зияткерлік мектептерін дамыту департаменті директорының орынбасары Ағаділ Аида Төлендіқызы және өңірлердегі Зияткерлік мектептердің директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен педагог-кітапханашылардың ұйымдастыруымен тәжірибе бөлісу және оқыту семинары басталды.
 
🌱Аталған семинар 3 күн бойы жалғасатын болады. Семинарға НЗМ дамыту департаментінің менеджері Садвакасова Гульдана және Өскемен қ. ХББ НЗМ директордың орынбасары Мухтарханова Гульшат Токтасыновна мен жатақхана меңгерушісі Усенова Анар, Тараз қ. ФМБ НЗМ педагог-кітапханашы Журумбаева Асель, Шымкент қ. ХББ НЗМ педагог кітапханашы Гүлжамал Нышаналиқызы келіп, оқыту семинарын өткізді.
 
🌱Шараның бірінші күнінде «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясы айшықтаудан бастап, Назарбаев Зияткерлік мектептерінің құндылықтары және тереңінен түсіндірілді.
 
🌱Сонымен қатар, «НЗМ оқушылардың ішкі тәртібі» мен оқушыларды қорғау саясатын, академиялық адалдық пен тәрбие жұмысын жоспарлаудағы жүйелілік және «Оқушыларға қатыгез қарым-қатынас іс-әрекеті анықталған немесе қатыгездіктен күдіктенген кездегі әрекеттер алгоритмі» тақырыптарында Гульдана Рахимжанқызы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
 
🌱Мектептің тәрбие жұмыстарының ережелері мен кезеңдерін жоспарлауда Өскемен қ. ХББ НЗМ директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Гульшат Тоқтасынқызы мектептің тәрбие жұмысы жоспарының шаблонын көрсетуде және қызметін талдауда өз тәжірбиесімен бөлісті. Сондай-ақ, «Назарбаев Зияткерлік мектептерінде кураторлық қызметтің жүзеге асырылуы» тақырында кураторлық қызметтің негізгі мазмұнын және мектеп қауымдастығымен байланысы туралы кураторлық қызметте жүзеге асырылатын жобалар жайлы көптеген мағлұматтар берді.
 
🌱Ал педагог кітапханышалар болса, «Мектеп кітапханасы ақпараттық ресурстар орталығы ретінде Зияткерлік мектеп кітапханаларының кітап оқуды насихаттаудағы ауқымды жобалар» тақырыбында және оқуды дамытуға арналған инновациялық жобалар туралы олардың негізігі бағыттары туралы айшықтап, оқу мәдениетін қалыптастырудағы факторлар мен мәселерге тоқталды.
 
🌱Сондай-ақ, оқыту семинарында мектептің педагог кураторлары мен мұғалімдері, жатақхана тәрбиешілері оқушының бойындағы қорқыныш, ұялшақтық, өз-өзіне сенімсіздік сезімдерінен арылту және лидерлік қасиетті қалыптастыру және кітапқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында түрлі ойындар ойнап, жаттығулар жасады.
 
🌱Шара соңында, семинарға қатысушылар «Шеңберде оқу» әдісімен «Соңғы оқыған кітап авторын кешкі асқа шақырса қандай сұрақтар қояр едіңіз?» сауалына жауап беру арқылы, ойларын ашық жеткізе білді. Шараға қатысушылар осы әдісті қолдану арқылы оқушылардың өзара қарым қатынас пен байланыс орнатуда, өз эмоцияларын сенімді және сабырлы қалыпта жеткізуде маңызды әрі тиімді әдіс екенін ұқты.
 
🌱Аталған оқыту семинарының бірінші күнінде мектеп мұғалімдері тек теориялық тұрғыдан ғана емес, практикалық тұрғыдан түрлі ойындар мен жаттығуларды жасау арқылы өз біліктіліктерін арттыра білді.