lOGO-NIS-TURKISTAN5-993x1024 (1)
НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕПТЕРІ ДЕРБЕС БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМЫНЫҢ МИССИЯСЫН ЖЕТІЛДІРУДЕ ОҚЫТУ СЕМИНАРЫ АЯҚТАЛДЫ
 
🌱Назарбаев Зияткерлік мектептері дамыту департаменті директорының орынбасары Ағаділ Аида Төлендіқызы және өңірлердегі Зияткерлік мектептердің директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен педагог-кітапханашылардың ұйымдастыруымен 3 күн бойы жалғасқан тәжірибе бөлісу және оқыту семинары өз мәресіне жетті.
 
🌱Семинардың екінші күнінде Өскемен қ. ХББ НЗМ жатақхана жетекшісі Усенова Анар Назарбаев Зияткерлік мектептерінде жатақхана жұмыстарын ұйымдастыру және басқару құрылымы жөнінде мектептің жатақхана меңгерушілері мен тәрбиешілірге түсіндіріп, өз тәжірбиесімен бөлісті.
 
Онымен қоса, оқыту семинарында тиімді коммуникация үдерісі — отбасы мен мектептің өнімді серіктестігінің тәсілі «Ата-аналар университеті» мен міндеттері және оқушылардың ата-аналармен жұмыс бағыттары да қамтылды.
 
🌱Назарбаев Зияткерлік мектептеріндегі балалармен қарым-қатынас және ата-ана ұстанымы мен оң ата-ана дағдыларын қалыптастыруда ата-аналар университетінің алар орны маңызды.
 
🌱Сонымен қатар, НЗМ «Шаңырақ» оқушылар қауымдастығы және ондағы құндылықтарды жүзеге асырудың өзегі мен жобалары туралы Өскемен қ. ХББ НЗМ директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Гульшат Токтасынкызы толық баяндады.
 
Ал, педагог кітапханашылар болса, семинарға қатысушыларға оқушылардың оқу дағдысын дамытуда түрлі оқыту әдіс-тәсілдерін және жаттығуларды көрсетті.
 
🌱Аталған оқыту семинар барысында мектеп директоры Балқан Маратұлы рухани астанадан ашылған жаңа Зияткерлік мектептің педагог қызметкерлерінің біліктіліктерін арттыруда өз тәжірбиесімен бөліскен білікті мамандарға алғыс айтып, арнайы сыйлық табыстады.
 
Сонымен қатар, Өскемен қ. ХББ НЗМ директорының орынбасары Гульшат Токтасынкызы өскемендік зияткер оқушылардың қолынан шыққан өнер туындысын естелік ретінде мектеп директоры Балқан Қасымовқа сыйлады.
 
🌱Түркістан қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің педагог қызметкерлерінің біліктіліктерін арттыру мақсатында өткізілген семинардың үшінші күнінде НЗМ дамыту департаментінің менеджері Садвакасова Гульдана сөз бастап, семинарға қатысушыларға зияткерлік мектепте қосымша білім беру жүйесі мен бағыттары және қосымша білім беруді іске асыру жүйесінің жылдық циклограммасын көрсетті. Сондай-ақ, оқыту семинарында зияткерлік мектептердегі үйірме жұмысының түрлері мен бағыттары туралы да айтып өтті.
 
🌱Онымен қоса, семинарда «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының филиалдарында оларға теңестірілген тұлғалардың педагог қызметкерлерін аттестаттау қағидалары мен моделі және мақсаты, кезеңдері жайында Өскемен қ. ХББ НЗМ директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Гульшат Токтасынкызы толық қамтыды.
 
🌱Оқушылардың жазушылық қабілеті мен сыни тұрғыдан ойлау қабілетін қалыптастыруда семинарға қатысушыларға педагог кітапханашылар Журумбаева Асель мен Гүлжамал Нышаналиқызы «Write around», «Фишбоун», «Синквейн» әдістері және ақпаратты талдау «Кейворд Гексагон» әдісі мен түрлі ойындарды үйрету арқылы мақсатын түсіндірді.
 
🌱Үш күнге жалғасқан семинар соңында Түркістан қаласы ХББ НЗМ педагог қызметкерлері тәжірбие алмасу және оқыту семинарын ұйымдастырған ұйымдастырушыларға семинар бойы алған білімдері туралы ойларын білдіріп, өз алғыстарын білдірді.