Можжевельник (Арша)

Арша – биіктігі 4 метрге жуық, қысы-жазы көгеріп тұратын, бұталы өсімдік. Бұталары сұлап та жатады, кейде түзу өседі. Жапырақтары өткір, ине тәрізді қатты, үш-үштен қосақталып тұрады.

Табиғатта бұл мәңгі жасыл бұта тек тұққыммен көбейеді. Олардың өну деңгейі төмен ,тіпті үйде олар әрдайым өне бермейді. Көбінесе өскіндер тұқым топыраққа енгеннен кейін,бірнеше жылдан кейін пайда болуы мүмкін. Алғашқы жылдары ол белсенді түрде өседі содан кейін,оның өсу қарқыны баяулайды.

Аршаның пайдалы қасиеттері:

Арша-ағаш фармацевт. Осы өсімдік бөлетін фитоноцидтер адам денсаулығына ем болатын таза ауа тудырды. Мысалы: ғалымдардың айтуынша арша жылына 1 тонна аса шаңды жұтып айналасына 1,5 мың литр оттегі бөліп шығарады екен.Сонымен қатар ,арша дәні гастриттен құтқарады.Қазіргі таңда оны жаңа қаланың ажарын ашатын бір күндік ағаш деп есептейтіндер қатты қателеседі.Арша-аса қасиетті ағаш. Аршада түрлі микробтарды құбыжықтарды өлтіретін күші бар.

Оқушы: 7″A» Одил Перизат

Жетекшісі: Смаил Дулат

KONICA MINOLTA DIGITAL CAMERA
Қысқаша ақпарат

Егілген күні: 27.04.2022

Топырақтың құрамы: Био гумус, жергілікті топырақ, құм, көң.

Аршаны өсіру өндірісі:

1) Ыстық қайнаған суға 5 секунд салып аламыз. 

2)5 секунд ыстық судан алғаннан кейін, суығанға дейін мұздай суда ұстаймыз. 

3)Суығаннан соң 20-30 минут максимге саламыз.  

4)Сосын ұрықты дымқыл шүберекке орап 1 күнге қалдырамыз. 

5)Ол кейін тамыр жарып шығады, оны содан соң егеміз.