lOGO-NIS-TURKISTAN5-993x1024 (1)

Мерекелік концерт

💐8 наурыз — Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай Зияткерлік мектебімізде мерекелік кеш өтті.

💐Атаулы мейрам қарсаңында өткізілген концерттің ашылуы оқушылардың мектептегі нәзік жанды қызметкерлерге арнап дайындаған құттықтау бейнежазбасынан басталды.

💐Зияткер оқушыларымыздың жүрекжарды құттықтау бейнежазбасынан соң, мектеп директоры Касимов Балқан Маратұлы барша әйелдер қауымын мерекемен құттықтады.

— Қымбатты ханымдар, аяулы арулар! Сіздерді көктемнің шуақты күндерімен тұспа тұс келген 8 наурыз халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Әрқашанда береке мен бірліктің бастауы болып жүре беріңіздер! Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін!

💐Мектеп директоры Балқан Маратұлының құттықтау сөзінен кейін мерекелік кеш концерттік бағдарламаға жалғасты.

💐Шарада оқушылар флешмоб билеп, ән айтып, ана туралы монологтар оқып,  заманауи әндерден попурри жасап домбырамен тарту арқылы ерекше мерекелік көңіл-күй сыйлады.