«Мектеп: тұлға тәрбиесі» атты семинар-практикум
Түркістан қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде Түркістан облысының облыстық, аудандық білім беру басқармасының әдіскерлері, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары және мектеп кітапханашыларына арналған «Мектеп: тұлға тәрбиесі» атты семинар-практикум өтті.
Аталмыш семинар Назарбаев Зияткерлік мектептері дербес білім беру ұйымының ұйымдастыруымен өткізіліп отыр.
Семинардың ашылу салтанаты НЗМ ДББҰ басқарма төрайымының кеңесшісі Наталья Васильевна Жұмаділдаеваның алғысөзімен басталды.
— Киелі мекен Түркістан қаласында ашылған жаңа Зияткерлік оқу ордасында облыстық және аудандық жалпы орта мектептердің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары және мектеп кітапханашыларына арналған бүгінгі семинарымызда біз сіздерге Назарбаев Зияткерлік мектептеріндегі тәрбие саласындағы іс-тәжірибемізбен бөліспекпіз. Аталмыш семинардағы секция жұмыстарында сіздер теориялық және практикалық түрлі әдіс-тәсілдерді меңгеріп қана қоймай, өз мектептеріңізде тәрбие жұмыстарыңызда тиімді пайдалана аласыздар деген сенімдемін, -деп семинарға қатысушыларға өз біліктіліктерін арттыруда сәттілік тіледі.
Аталмыш семинар-практикумның басты мақсаты Түркістан облысындағы білім саласының мамандарына «Рухани жаңғыру» бағдарламасы және «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы аясында мектептерде тәрбие және кітапхана жұмысын ұйымдастыру бойынша әдістемелік көмек көрсету болып табылады.
Аталмыш семинардың ерекшелігі секция жұмыстарындағы алған теориялық сипаттағы білімдеріңіз практикалық жұмыс арқылы интерактивті форматта жүргізілді.
Тәрбие жұмысы мен кітапхана жұмысы арқылы 20 секция бойынша жүзеге асырылатын жобаларды НЗМ келген директордың тәрбие-ісі жөніндегі орынбасарлары мен педагог-кітапханашылар, педагог-кураторлар таныстырды:
• Оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелейтін «Туған елге тағзым» өлкетану-зерттеу экспедициясы, «Екі апта ауылда» жобасы;
• Қазақ әдебиеті мен мәдениетін, тарихын кеңінен насихаттайтын «Ұлы дала ақындары», «Замандастар жырлары», «Ұрпақтар сабақтастығы», «Қазақ әндері», «Жүз күйдің тарихы», «Зияткерлік мектеп оқушыларына оқуға ұсынылатын 100 кітап», «Менің өмірімде қолданылатын мақал-мәтелдер» жобалары;
• Қоғамның белсенді тұлғасы ретінде тәрбиелеуге бағытталған «Ата-ана жұмысындағы 10 күн», «Ата-ана жұмысындағы 1 күн», «Қоғамға қызмет ету» жобасы;
• Оқушылардың бойында ғылыми-зерттеу дағдыларын қалыптастыру, шығармашылық жұмыс пен ғылыми ізденіске баулитын «Даналық бейсенбі», «TED*NIS клубы», «Wikipedia клубы» жобалары;
• Кітап оқуды насихаттайтын заманауи әдістерді меңгертуде «Bookrossing», «Reading time – Оқу сағаты», «1.2.3», «Кітап әлемді бағындырады», «Memoro» жобалары;
20 секция бойынша көрсетілген жобалар тізбегі Назарбаев Зияткерлік мектептерінде зияткер оқушыларды жан-жақты дамытуда белсенді тұлға ретінде қалыптастыру және олардың бойында отанға деген сүйіспеншіліктен бастап, мәдениет пен өнерге деген қызығушылығын арттыруда жүргізілетін тәрбие жобалары болып табылады.
Семинарға қатысқан Бәйдібек ауданы Жиенқұл жалпы орта мектебі директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Темірболат Мақұлбекұлы Тілеубердиевтің сөзінше семинар-практикумда тәрбие жұмысында атқарылатын «Қазақ әндері» жобасында қазақ халқының ән-күйлеріне байланысты тың мағлұматтармен танысқандығын айтады:
Семинарда біз әріптестермен бірге коучинг секцияларға қатысып, оның ішінде НЗМ «Қазақ әндері» жобасы аясында әннің құдіреті оның тармақтарын үйреніп, жоба арқылы оқушыларды қазақ күйлері мен ұлттық әндерімен патриоттыққа тәрбиелеуде тиімді жоба екенін әріптестермен әдіс алмасу арқылы көзіміз жетті. Практикалық семинардан алған білімдерімізді өз тәрбие жұмыстарымызда жалғасытырамыз және алдағы уақытта Назарбаев Зияткерлік мектебімен бірге бірлесе жұмыс жасауға ниеттіміз, — деп семинар-практикумды ұйымдастырған НЗМ ДББҰ өз алғысын жеткізді.
Секция жұмыстарынан кейін семинарға қатысушылар мектеп бойынша кампус тур болып, семинар жалғасы мәжіліс залындағы пленарлық отырысқа ұласты.
Семинар-практикум «Мектеп: тұлға тәрбиесі»
В Назарбаев Интеллектуальной школе химико-биологического направления города Туркестан состоялся семинар-практикум «Мектеп: тұлға тәрбиесі» для методистов областного, районного управления образования Туркестанской области, заместителей директоров по воспитательной работе и школьных библиотекарей.
Данный семинар организован автономной организацией образования «Назарбаев Интеллектуальные школы».
Церемония открытия семинара началась с предисловия советника председателя правления АОО «Назарбаев Интеллектуальные школы» Натальи Васильевны Жумадильдаевой.
— В новом интеллектуальном учебном заведении, открывшемся в городе Туркестан, на нашем семинаре для заместителей директоров по воспитательной работе и школьных библиотекарей областных и районных общеобразовательных школ, мы поделимся с вами опытом работы в сфере воспитания в Назарбаев Интеллектуальных школах. Уверена, что в работе секций на данном семинаре вы сможете не только овладеть различными теоретическими и практическими приемами, но и эффективно использовать их в воспитательной работе в своей школе, — отметила Наталья Васильевна Жумадильдаева.
Основной целью данного семинара-практикума является оказание методической помощи специалистам образования Туркестанской области по организации воспитательной и библиотечной работы в школах в рамках проекта «Рухани жаңғыру» и национальной идеи «Мәңгілік ел».
Особенностью данного семинара является то, что знания теоретического характера, полученные в работе секции, проводились в интерактивном формате через практическую работу.
Проекты, реализуемые через воспитательную и библиотечную работу по 20 секциям, презентовали заместители директора по воспитательной работе и педагоги-библиотекари, педагоги-кураторы НИШ:
• Краеведческо-исследовательская экспедиция по патриотическому воспитанию учащихся «Туған елге тағзым», проект «Две недели в селе» ;
• Проекты «Ұлы дала ақындары», «поэты Замандастар», «Ұрпақтар сабақтастығы», «Қазақ әндері», «100 күйдің тарихы», «Зияткерлік мектеп оқушыларына оқуға ұсынылатын 100 кітап», «Менің өмірімде қолданылатын мақал-мәтелдер»;
• Проекты «Ата-ана жұмысындағы 10 күн», «Ата-ана жұмысындағы 1 күн», «Қоғамға қызмет ету», направленный на воспитание активной личности общества;
• Проекты «Даналық бейсенбі», «TED*NIS клубы», «Wikipedia клубы», способствующие формированию у учащихся научно-исследовательских навыков, творческой работы и научному поиску;
• В освоении современных методов пропаганды чтения книг проекты «Bookrossing», «Reading time – Оқу сағаты», «1.2.3», «Кітап әлемді бағындырады», «Memoro»;
Проекты, проводимые по 20 секциям, представляют собой воспитательный характер. Они формируют у школьников активную личность с всестороннем развитием и повышением интереса к культуре и искусству, начиная с любви к Родине.
По словам заместителя директора по воспитательной работе Жиенкульской общей средней школы Байдибекского района Темирболата Макулбековича Тлеубердиева, в ходе семинара-практикума в проекте «Қазақ әндері» были ознакомлены с новыми сведениями, связанными с песнями и кюями нашего народа:
На семинаре мы совместно с коллегами приняли участие в коучинговых секциях, в том числе посредством проекта «Қазақ әндері», реализуемого в воспитательной работе в Назарбаев Интеллектуальных школах, что является эффективным проектом патриотического воспитания учащихся казахскими кюями и национальными песнями. Полученные знания на практическом семинаре мы продолжим в своей воспитательной работе и намерены в дальнейшем совместно работать с Назарбаев Интеллектуальной школой, — поблагодарил АОО НИШ, организовавшая семинар-практикум.
По завершению работы секций участники семинара посетили кампус-тур по школе, продолжение семинара после экскурсии продолжилось пленарным заседанием в конференц-зале.