Пленарлық отырыста Назарбаев Зияткерлік мектептері дамыту департаментінің директоры Рустам Абилов «Ата-аналармен қарым-қатынас жасау формалары және оларды мектеп қызметіне тарту» тақырыбы бойынша тәрбие жұмыстарында ата-анамен байланыстың маңызы жөнінде және Назарбаев Зияткерлік мектептеріндегі зияткер оқушылардың білімі мен тәрбиесінің дамуына, отбасылық қарым-қатынастың нығаюына әсер етіп, қоғамдық және жанұя тәрбиесіне қатысты бірқатар мәселелердің шешімін табуға бағытталған «Ата-аналар университеті» жобасына тоқталып, ата-анамен байланыс орнатуда маңызды аспектілерін түсіндірді.
Сонымен қатар, «Қазіргі білім беру жағдайында мектеп кітапханасының рөлін трансформациялау» тақырыбында НЗМ кітапхана ісі мен педагог-кітапханашының қызметі, оған қойылатын талаптар және кітапхана ісінде қолданылатын программалар мен электронды ресурстар, жөнінде туралы Назарбаев Зияткерлік мектептері дамыту департаменті директорының орынбасары Аида Ағаділ Төлендіқызы толық баяндады.
Пленарлық отырыста қамтылған «Мектептегі буллингтың алдын алу» тақырыбында мектебіміздің педагог-психолог маманы Арынбаева Жанна Маратқызы қазіргі мектептердегі өзекті мәселелердің біріне айналған буллинг кезінде оқушымен қалай жұмыс жасау керек, қысымға ұшыраған балаға қалай көмектесу қажет осы сұрақтар төңірегінде мектептегі буллингты тоқтатуда бірнеше психологиялық кеңестерді айтып өтті.
Онымен қоса, «Баланың мақсаттарымен жұмыс жасау: Кайдзен техникасының көмегімен болашақты анықтауға қалай көмектесуге болады» тақырыбында Шымкент қаласы ФМБ НЗМ педагог-психолог маманы Жұлдыз Махатаева Кайдзен техникасының жоспарлау қағидаларын оқушыға үйретуде тиімді тұстарын көрсетті.
Түркістан өңірінің 400-ден аса жалпы орта мектептеріндегі тәрбие және кітапхана саласының мамандарын жинаған семинар-практикум соңында Түркістан қаласы адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Оразкүл Шайхықызы сөз сөйлеп, семинарды ұйымдастырған Назарбаев Зияткерлік мектептері ДББҰ өз алғысын білдірді.
— Бүгінгі өткен семинар ұрпақ тәрбиесінде ұстаздың алар орны маңызды екенін дәлелдеп отыр. Себебі бала тәрбиесінде ата-ана ғана емес, мектеп мұғалімдеріне үлкен жауапкершілік артылады. Назарбаев Зияткерлік мектептері тәрбие жұмысында маңызды факторларды алға қоя отырып оқушының тұлға болып қалыптасуына зор үлес қосып отырсыздар. Бүгінгі өткен семинар Түркістан облысының тәрбие және кітапхана саласының мамандарына пайдалы әрі тиімді тәжірибиелік алаң болды.-деп өз алғысын білдірген Оразкүл Шайхықызы, жас өрендердің болашағы үшін бірлесе жұмыс жасауға шақырды.
Семинар соңында НЗМ ДББҰ басқарма төрайымының кеңесшісі Жұмаділдаева Наталья Васильевна мен мектеп директоры Балқан Маратұлы қорытынды сөз сөйлеп, семинарға қатысушыларға семинарда алған білімдерін өз тәрбие жұмыстарында ұйымдастыруда жаңашыл, креативті идея және өзгерістер әкеледі деп сенім артты.
— Сегодняшний семинар доказывает, что роль учителя в воспитании подрастающего поколения важна. В воспитании детей большая ответственность лежит не только на родителях, но и на учителях школы. Назарбаев Интеллектуальные школы вносят большой вклад в становление личности учащегося, выдвигая важные факторы в воспитательной работе. Сегодняшний семинар стал полезной и эффективной практической площадкой для специалистов воспитательной и библиотечной сферы Туркестанской области, — сказала Оразкуль Шайхыевна Қолдасова.