Мектептердегі кәмелетке толмағандар арасында суицидалды мінез-құлықтың алдын алу
Түркістандағы NIS-те мектеп психологы Жанна Арынбаеваның ұйымдастыруымен «Мектептердегі кәмелетке толмағандар арасында суицидалды мінез-құлықтың алдын алу» тақырыбында семинар өткізілді.
Мектеп ұстаздары мен педагог мамандары жиналған сабақ барысында психолог Жанна Арынбаева бағдарлама мақсаты мен неліктен мектепте жүргізіліп жатқанын түсіндіріп берді. Өз сөзінде жасөспірімдердің үйден тыс көп уақытын өткізетін жеке бас дағдылары дамитын және салауатты өмір салты қалыптасатын ерекше орын мектеп екенін атап өтті. Осы орайда жасөспірімдік кезеңде оқушы бойында орын алатын өзгерістер мен стрессте жүрген баланы анықтау және оған қалай және қандай психологиялық көмек көрсетуді үйрену бағдарлама барысында талқыланды.
Сонымен қатар, Жанна Маратқызы оқытушылар мен мектептің басқа қызметкерлері жасөспірімдер арасында суицидтің алдын алуда маңызды рөл атқаратынын жеткізді.