lOGO-NIS-TURKISTAN5-993x1024 (1)

«Математика — ғылымдар патшасы» апталығы

Зияткерлік мектебімізде өткен аптаны қорытындылаған «Математика — ғылымдар патшасы» апталығы сәтті өтті. Ендігі кезекте апталық бойы өткізілген іс-шараларға көз жүгіртсек.

Ашылу салтанаты дәстүрлі түрде мектеп фойесінде өтіп, мектебіміздің математика әдістемелік бірлестігі ұйымдастырған түрлі кубик-рубик мен Х-0 ойындар және сайыстармен жалғасты.

Зияткер оқушыларымыз үшн апталықтың айшықты шарасы ретінде
«Математика-біздің өмірімде» атты коллаждар сайысы ерекше есте қалды.

Сайыста әр шаңырақ пен әдістемелік бірлестіктер бірігіп, математика мен өз пәндерін байланыстыра отыра әсем коллаж жасады. Ең үздік коллаж номинациясын Химия-биология бірлестігі мен Арыстанды шаңырағы иеленді.

Апталықтағы айрықша іс-шаралар легін жалғастырған сайыс әр сыныптар арасында өткен «Мат-Футбол» сайысында зияткерлер математикалық есептерді шығаруда өз шапшаңдылықтарын көрсете білді.
Сайыс қорытындысы бойынша «Арыстанды» шаңырағы жеңіске жетті.

Сондай-ақ 7 сынып оқушылары «My dream house» компьютерлік 3 D сайысында өздерінің арманындағы үйлерін Sketch-up бағдарламасында құрастырып көрсеткен болатын.

Түрлі зәулім үйлерді құрастыруда жарысқа түскен оқушылар өз шеберліктерін көрсете білді.

Зияткер оқушыларымыз апталық барысы өте қызықты әрі жоғары деңгейде өткенін айтуда.