«Контрафактіге жол жоқ!» республикалық акциясы аясында зияткерлермен арнайы кездесу өтті
Зияткерлік мектебімізге Түркістан облысы Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқығы бөлімінің басшысы Өркен Жолдыбаев пен басқарманың бас мамандары келіп, «Контрафакт» республикалық акциясы туралы және авторлық құқыққа байланысты оның ішінде тауар белгілерін тіркеу, оны тұтынудағы құқықтар жайлы түсіндірді.
Ағымдағы жылдың 3-20 мамыр аралығында ҚР Әділет Министрлігінің ұйымдастыруымен «Контрафакт» акциясы өтеді. Аталмыш акция «Контрафактіге жол жоқ» тақырыбы аясында ролик түсіру, сурет салу және ең үздік логотип ойлап табу бойынша байқау өтеді. Байқау мақсаты балалардың патриоттық сезімін ояту және еліміздегі контрафактілік тауарларға жағымсыз көзқарасты қалыптастыру болып табылады.
Өркен Жолдыбаев зияткер оқушыларға осы байқауға қатысып, өз белсенділіктерін танытуды сұрады. Айта кетейік зияткерлер байқауға қатысуға өз ниеттерін білдіріп, авторлық құқыққа байланысты көкейтесті сұрақтарын қойып, арнайы маманмен кері байланыс орнатты.
Онымен қоса, Түркістан ҚПБ жергілікті полиция қызметінің, Ювеналды полиция тобының учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны, мектеп инспекторы Тұрсынбек Медет Үсіпбекұлы мектеп оқушыларына құқықтық тәртіп бойынша және құқықбұзушылықтың алдын-алу жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді.