МЕКТЕП КӨШБАСШЫСЫНА ҮМІТКЕРЛЕР САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАЛАРЫН ТАНЫСТЫРДЫ
🌱Мектебіміздің өзін-өзі басқару ұйымының президенттігіне үміткерлер өздерін таныстырып, сайлауалды бағдарламарын ұсынды.
Мектептегі өзін-өзі басқару ұйымы оқушылар үшін мүмкіндіктер ортасы болып табылады. Себебі ұйым қызметінің негізгі мақсаты: жарқын ұйымдастырушылық қасиеттері бар, шешім қабылдауға қабілетті, жауапты және тәртіпті, өз бетінше таңдау жасауға дайын және Зияткерлік мектепте белсенді өмірлік ұстанымға ие тұлғаны тәрбиелеу болып табылады.
🌱Жалпы мектеп көшбасшысына 5 үміткер өз бағдарламарын ұсыну арқылы, мектептің дамуына қосар өз үлестері мен атқарар жобаларын өз ойларын ортаға салды.
🌱Бірінші үміткер 9 «А» сынып оқушысы Садық Бексұлтан өзінің көшбасшылық қабілеттері мен хоббилары туралы айтып, болашақта үш тілді жетік меңгерген ғылыми көшбасшыларды дайындауға оларды алға қойған мақсаттарынан таймауға көмектесуде көшбасшы болудағы мақсатын түсіндірді.
🌱Екінші үміткер 9 «К» сыныбының оқушысы Гайдаенко Алихан мектеп валютасын құру туралы сонымен қатар, аптаның бір күнін «Unusual day» яғни оқушыларды қызықтыру, шабыттандыру ретінде ерекше күн етіп атап өтсек деген ұсынысын жеткізді.
🌱Үшінші үміткер 9 «К» сыныбының оқушысы Ибрагимова Аяулым оқушылардың жан-жақты дамуы мен қызығушылығын арттыру мақсатында 5 бағытта жұмыс жасайтын өз бағдарламасын ұсынды.
🌱Төртінші үміткер 9 «А» сыныбының оқушысы Жеңсікбаев Нұрсаулет өз қызығушылықтары мен жетістіктері туралы және алдағы уақытта атқарар жобаларының жоспарымен бөлісті.
🌱Бесінші үміткер 9 «В» сынып оқушысы Сәдуақас Жәнібек «Егер мен президент болсам….» тақырыбында өз жоспарларын ортаға салып, білім, спорт, іс-шаралар осы үш мақсатта Зияткерлік білім ордасының дамуына және үздік нәтиже көрсетуде бірлесе жұмыстар атқаратынын жеткізді.
🌱Үміткерлер бағдарламаларын ұсынғаннан соң, мектеп директоры Балқан Қасымов кандидаттарға сәттілік тілеп, оқушыларды дұрыс таңдау жасауға шақырды.
🌱Сонымен қатар, 2021 жылды қорытындылау мақсатында өткізілген “Жыл қорытындысы” @nisturkestancurators инстаграм байқауының “Үздік пост” номинацияларының иегерлері марапатталды.