lOGO-NIS-TURKISTAN5-993x1024 (1)
«Калейдоскоп» психологиялық ойынында жас зияткерлер жаңа ортаға бейімделе түсті
 
Жаңа оқу жылы басталмастан бұрын мектептің ұстаздар қауымына психолог Жанна Маратқызы «Калейдоскоп» психологиялық тренингін өткізген болатын. Бүгінде 7 «С» сынып оқушылары кураторларымен бірге аталмыш ойынды ойнап, оқу процесі мен сыныптастарымен жақындасып, жаңа ортаға бейімделе түсті.
 
Ойын мақсаты — әлеуметтік жағдайларда өзін-өзі бақылау қабілетін дамыту, өзінің іс-әрекеттеріне талдау жасау, ұжымды біріктіру және эмоционалды ахуалды тудыру. Жалпы бұл тренинг ұстаздардың оқушыларға оқу процесінде қолданылатын арнайы ойын болып табылады.
 
Ойын барысы арқан жіптен жасалған шеңбер ішінде бір тығыз топқа жиналудан басталып, берілген түрлі-түсті шыны бөлшектеріне өз арман мақсаттарын жазуда мектеп калейдоскобын құрастыруға жалғасты.
 
Калейдоскоптың түрлі өрнектерін біріктіруде оқушылар өзара ортақ көп нарселері бар екенін, берілген тапсырманы орындауда жеке, жұптық, командалық жұмыстың маңызды екенін түсінді.
 
Ойын соңында өзгеше көрініске ие болған сыныптың калейдоскобы жасалып, 7 «С» сыныбының «Сәттілік» талисманы ретінде оқушыларға ерекше шабыт берді.
Тренингке қатысқан оқушылар аталмыш ойын туралы өз ойларымен бөлісіп, кері байланыс орнатты:
 
— Ойын өте қызықты өтті. Тренингке қатысу барысында мен, өз ойымды ашық жеткізуді, ортаға шығып сөз сөйлеудегі қорқынышымды жеңіп, өзіме деген сенімділігім артты. Онымен қоса, сыныптастарыммен бірге ойнауда бәсекеге түсіп, қайта топ болып құрылып, сонымен қатар өзара ортақ қызығушылықтарымыз бен ұқсас қасиеттеріміздің бар екенін біліп, жақыннан таныдым.