lOGO-NIS-TURKISTAN5-993x1024 (1)
«Калейдоскоп» ойыны достыққа жетелейді
 
Түркістандағы NIS-тің жас зияткерлеріне арналған «Калейдоскоп» үлкен психологиялық ойыны 7 сыныптар үшін білім ордасына және жаңа ортаға бейімделуде сәтті бастама болды. Бүгінде бұл психологиялық тренинг өз мәресіне жетті.
 
Арқан жіптен жасалған шеңбер ішінде мектеп ұстаздарының басын қосқан бұл ойын, оқушылар үшін оң әсерін берді. Әр ойын соңында жас зияткерлер кері байланыс беріп, тренингтен алған әсерлерін жеткізді.
— Бұл ойынға қатысуда мен көпшілік ортада қысылмай өз ойымды ашық білдіруді үйрендім. Сонымен қатар сыныптастарымды жақыннан танып білуде өзара ортақ қызығушылықтарымыз бар екенін біліп, қатты қуандым. Ойын барысында тек көңіл көтеріп қана қоймай топ-топқа бөлініп, бір-бірімізді қолдап, тыңдауды үйрендік, — деп атап өтті, 7 сынып оқушылары ойыннан алған әсерлерімен бөлісіп.
 
Жас зияткерлерді достыққа жетелеген «Калейдоскоп» үлкен психологиялық ойыны оқушылардың жаңа ортаға бейімделу кезінде психологиялық қолдау көрсетті.