lOGO-NIS-TURKISTAN5-993x1024 (1)

Зияткер оқушыларымыз қолөнер және көркемсурет байқауынан жүлделі оралды

🌱Мектебіміздің өнерлі оқушылары «Жұмадағы жүздесу» жобасы аясында ҚР мәдениеті мен қолөнерінің дамуына үлес қосқан қоғам қайраткері ғалым Тасполат Суимбаевты еске алуға арналған шарада қолөнер және көркемсурет байқауынан жүлделі оралды.

🌱Сонымен қатар, еске алу кеші №28 мектеп лицейінің ұйымдастыруымен өткізілді. Жиын барысындағы конкурсқа қала мектептерінен 58 оқушы қатысып, зияткерлік мектептен 8 оқушы қатысты.

🌱Жиында қала мектептерінің жас өнерпаздары ән айтып, жас суретшілер мен қолөнершілер өз туындыларын жұртшылық назарына ұсынды. Белгілі тұлғалардың басын қосқан жобаға тарихшы, ұстаз Тұрсын Хазірет, облыстық ақсақалдар алқасының төрағасы Жарылқасын Әзіретберген, шебердің достары мен сыныптастары және Тасболат ағамыздың жұбайы Түймекүл Ақынбекқызы, белгілі сатирик Көпен Әмірбеков пен адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Қолдасова Оразкүл қатысты.

🌱Конкурсқа қатысқан оқушылар арасынан көркемсуреттен жүлделі бірінші орынды 8 «К» сынып оқушысы Джурмагамбетова Марианна иеленсе, қолөнерден жүлделі үшінші орынды 7 «С» сынып оқушысы Амантаев Муслимбек иеленді.