lOGO-NIS-TURKISTAN5-993x1024 (1)

ЗИЯТКЕР ЖАС АҚЫНДАР АРАСЫНДА ӨТКЕН «ПОЭТИКАЛЫҚ ДУЭЛЬ»

Қазақ тілі және әдебиет айлығының аясында ағымдағы жылдың 4 мамырында Түркістан қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі жас ақындарды анықтау мақсатында мектеп оқушылары арасында « Поэтикалық дуэль » өткізді.

Конкурстың басты мақсаты – тіл мәдениетін көтеру, көркем әдебиетті насихаттауды жандандыру, оқушылар арасынан талапты, талантты жастарды іздеп табу және қолдау.

Байқауға 7,8,9-сынып оқушылары қатысып, өз өнерлерін көрсетті. Жыр додасында мектебіміздің жас ақындары патриоттық және де өзге де тақырыпта қалам сермеп , бақтарын сынады. Әділқазылар алқасы қатысушыларды конкурстың ережесінде жазылған талаптарға сәйкес іріктеді.

Бәйгеде 9 «А» сынып оқушысы Досыбай Шұғыла І жүлделі орынды иеленсе, ІІ орынды 9 «В » сынып оқушысы Ілес Балауса , ІІІ орындарды Әшім А., Жарылқап Н., А.Дүйсенов өзара бөліске салды. Оқушылар арнайы дипломдармен марапатталып, жүлделі сыйлықтарға ие болды.