lOGO-NIS-TURKISTAN5-993x1024 (1)

🌱«Екі жұлдыз» ән байқауы

 

Зияткерлік мектебімізде өнерпаздар додасы «Екі жұлдыз» байқауы өтті.

Жалпы байқау мақсаты дарынды балаларды анықтап, шығармашылық қолдау көрсету, әншілік қасиеттерін, өнерге деген құштарлығын ояту. Ата-ана, оқушы, тәрбиеші арасында тығыз байланыс орнату болып табылады. Сондай-ақ жалпы байқау интернат тәрбиешісі Балжан Жұманалиқызының ұйымдастырылуымен өтіп отыр.

Байқаудың бірінші кезеңі бойынша қатысушылар «Қазақтың 100 әні» жобасы аясында берілген әндердің бірін нақышына келтіріп орындап онымен қоса, көріністер қойып көрермен көзайымына айналып қана қоймай, әділ-қазылар алқасының кұрмет қошеметіне бөленді.

Өнерпаздар додасының екінші айналымында бақ сынасқан жұптар, еркін тақырыптарда әндер шырқап, көріністер қоюда көрермен қауымын таңқалдырды.
Байқау соңында «Дәстүрлі әнші», «Көрермендер көзайымы», «Ерекше артистік жұп», «Креативті жұп» номинациялары бойынша жұптар марапатталды:

«Дәстүрлі әнші» номинациясын куратор Балжан Серікқызы мен 9 «К» сынып оқушысы Сапар Бірханым және тарих пәнінің мұғалімі Асель Бейсенбекқызы мен 7 «D» сынып оқушысы Қабылбек Арайлым иеленді.

«Көрермендер көзайымы» номинациясын тәрбиеші Тәжібай Жұмағали мен 7 «В» Жайлаубай Амина иеленді.

«Ерекше артистік жұп» номинациясын физика пәнінің мұғалімі Рәш Гауһар мен 7 «B» сынып оқушысы Жақып Сусар иеленді.

«Креативті жұп» номинациясын қазақ тілі пәнінің мұғалімі Шыңғыс Есенғараұлы мен 7 «А» сынып оқушысы Абдухоликова Феруза иеленді.

Ал үздік үштікке еніп, жүлделі орындар иеленген:

ІІІ орын орыс тілі пәнінің мұғалімі Магзимова Дана мен 7 «L» сынып оқушысы Абдрахманова Алина иеленді.

ІІ орын Меруерт Абләкімқызы мен 7 «М» сынып оқушысы Узакова Альбина иеленді.

Өнерлілер сайысқан байқауда «Екі жұлдыз» атанған Кадыркулова Гульжан мен Кулымбетова Камшат жүлделі І орынды иеленді.

 

🌱Вокальный конкурс «Екі жұлдыз»

 

В нашей интеллектуальной школе прошел музыкальный конкурс «Две звезды».

Цель конкурса-выявление и творческая поддержка одаренных детей, воспитание певческих качеств, интереса к искусству. Установление тесной связи между родителями, учениками, воспитателями.

В рамках первого этапа конкурса участники исполнили песни, поданные в рамках проекта «100 казахских песен», а также показали сценки, которые не только вызвали зрительские симпатии, но и вызвали бурные аплодисменты жюри.

Во втором туре песенного конкурса пары удивили публику исполнением песен на свободные темы и постановкой различных номеров.

В завершении конкурса были награждены пары в номинациях «Традиционный певец», «Зрительские симпатии», «Особая артистическая пара», «Самая креативная пара»:

В номинации «Традиционный певец» победили куратор Балжан Сериковна и ученик 9 К класса Сапар Бирханым и учитель истории Асель Бейсенбековна и ученик 7 D класса Кабылбек Арайлым.

В номинации «Зрительские симпатии» победили воспитатель интерната Тажибай Жумагали и 7 В Жайлаубай Амина.
В номинации «Особая артистическая пара» победили учитель физики Раш Гаухар и ученик 7 B класса Жакип Сусар.
В номинации «Креативная пара» победили учитель казахского языка Дархан Шынгыс  и ученица 7 А класса Абдухоликова Феруза.

И участники, вошедшие в тройку лидеров и завоевавшие призовые места:

ІІІ место заняли учитель русского языка Магзимова Дана и ученица 7 L класса Абдрахманова Алина.

ІІ место заняли Меруерт Аблакимовна и ученица 7 M класса Узакова Альбина.

Победители песенного конкурса «Две звезды» стала пара Кадыркулова Гульжан и Кулымбетова Камшат были награждены специальными призами.