lOGO-NIS-TURKISTAN5-993x1024 (1)
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ 6 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН АШЫҚ ЕСІК КҮНІ
🌱Түркістан қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі ағымдағы жылдың 15-25 қаңтар аралығында Түркістан облысының 6 сынып оқушылары үшін «Менің Түркістаным» атты интеллектуалдық байқауын өткізген болатын. Байқау шарты бойынша 1 кезеңнен өткен оқушыларға, арнайы 5 және 12 ақпан сенбі күндері ашық есік күні жарияланды. Алғашқы ашық есік күніне Бәйдібек ауданы, Арыс және Шымкент қаласының 6 сынып оқушылары келіп, мектеп бойынша экскурсиялық тур өткізілді. Турға тек оқушылар мен мұғалімдер ғана емес, ата-аналар да келіп қатысты.
🌱Мектебіміздің зияткер оқушылары ашық есік күнінде гид болып 3 топқа бөлініп, келген қонақтарға зияткерлік білім ордасын таныстырды. Ең алдымен оқушылар мектептің саз өнері/керамика сыныбын аралап, сазбалшықтан жасалған бұйымдармен және соңғы үлгідегі спорттық құрал-жабдықтармен жабдықталған мектептің спорт, фитнес залдарымен танысты.
🌱Кездесу барысында оқушылар мектептің тіл қазына кешенімен қазақ тілі сыныбы, кітапхана және жылыжайды аралап, Зияткерлік мектеп жайында біршама ақпараттар алды.
🌱Онымен қоса, оқушыларға Kahoot» ойыны ойнатылып, бәсекеге толы өткен сайыста аудан және қала оқушыларына Зияткерлік мектептен естелік ретінде арнайы жасалған сыйлық берілді. Ашық есік күніне қатысқан оқушылар Зияткерлік білім ордасымен толық танысып, ерекше шабыт алды.
🌱Сонымен қатар, оқушылар мен қоса ата-аналарда экскурсиялық турды ұйымдастырған мектеп әкімшілігіне алғыстарын білдірді.