lOGO-NIS-TURKISTAN5-993x1024 (1)
КЕНТАУ ҚАЛАСЫНДАҒЫ «ДОСТЫҚ» БІЛІМ БЕРУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН АШЫҚ ЕСІК КҮНІ
🌱Зияткерлік мектепте ашық есік күнінде Кентау қаласындағы «Достық» білім беру орталығының 60 оқушысы келіп, мектептің тыныс-тіршілігімен танысты. Оқушылар 3 топқа бөлініп, мектеп мұғалімдері зияткерлік білім ордасының сыныптарын аралатты.
🌱Ең алдымен оқушылар, мектептің саз өнері/керамика сыныбын аралап, сазбалшықтан жасалған бұйымдармен және соңғы үлгідегі спорттық құрал-жабдықтармен жабдықталған мектептің спорт, фитнес залдарымен танысты.
🌱Сонымен қатар, оқушылар мектептің инжиниринг сыныбында арнайы лазерлік құрылғының қалай жұмыс жасайтынын көріп, ерекше әсер алды.
🌱Кездесу барысында оқушылар мектептің тіл қазына кешенімен қазақ тілі сыныбы, кітапхана және жылыжайды аралап, Зияткерлік мектеп жайында біршама ақпараттар алды.
🌱Шара соңында оқушылармен мектеп директоры Балқан Қасымов акт залда бас қосып, Назарбаев Зияткерлік мектебінде білім алу үшін уақыттарын зая кетірмей, тыңғылықты дайындықтың қажет екенін түсіндірді.
🌱Онымен қоса, оқушыларға зияткерлік мектепті дәріптеу және бейімдеу мақсатында «Kahoot» ойыны ойнатылды.