«Даналық бейсенбіде» қонақта «Ульсан Ұлттық ғылым және технологиялар» институтының студенті Еркебұлан Пансат
Зияткерлік мектепте «Даналық бейсенбі» жобасының кезекті қонағы болып, БИЛ мектебінің түлегі, Оңтүстік Кореядағы «Ульсан Ұлттық ғылым және технологиялар» институтының студенті Еркебұлан Пансат келді.
Кездесуде қонағымыз оқушылармен танысып, өзі жайында, Ульсан технологиялық инстутына қалай оқуға түскені және шетелдегі өмірі туралы мектеп оқушыларымен әңгіме өрбітті.
Сонымен қатар, Еркебұлан Пансат ағылшын тілін меңгеруде және IELTS пен SAT халықаралық емтиханына дайындық кезіндегі қажетті ресурстар мен арнайы лайфхактар туралы сөз қозғап, өз тәжірбиесімен бөлісті.
Білім деңгейін жоғарылатуда кез-келген олимпиада немесе емтиханға қатыспас бұрын оқушы үшін ең алдымен психологиялық тұрғыда дайындықтың маңызды екенін түсіндірді.
Бағдарламада зияткер оқушылар, Еркебұланға жоғарғы оқу орнына түсуде емтиханға дайындық барысы және Кореядағы оқуы, шетелдегі бастан кешкен қызықты оқиғалары туралы сұрақтар қойды.
Кездесу соңында директордың тәрбие ісі-жөніндегі орынбасары Мира Бейсенова сөз сөйлеп, рухани шаһар төрінен ашылған Зияткерлік мектептің оқушыларына шабыт беруде Еркебұлан Пансатқа алғыс білдіріп, Зияткерлік білім ордасынан естелік ретінде арнайы сыйлық берді.