lOGO-NIS-TURKISTAN5-993x1024 (1)
«ДАНАЛЫҚ БЕЙСЕНБІДЕ» ҚОНАҚТА ГАРВАРД МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ ӘДЕМІ ЖАҚЫП
 
 
«Даналық бейсенбі» жобасының кезекті бағдарламасы бұл жолы мұхиттың арғы жағындағы Америка құрлығымен тікелей эфирде байланысқа шығып, онлайн форматта кездесу өтті.
🌱Бағдарлама қонағы Әдемі Жақып — Шымкент қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі мен Назарбаев Университетінің түлегі, Шахмардан Есенов атындағы грант иегері, сонымен қатар, қазіргі таңда Бостондағы Гарвард медицина университетінде «Иммунология» саласы бойынша PhD докторантураның 2 курсында білім алып жатыр.
🌱Түлкібас ауданы, Жаскешу ауылының тумасы Әдемі Жақып Гарвард медицина мектебінің қарауындағы Массачусетс ауруханасында ғылыми зерттеу жасап, жануарлармен және Flowjo, Prism, Imaris сынды құрылғылармен жұмыс жасаған. Сонымен қатар, университет қабырғасында оқып жүргенде тәжірибие алмасу барысында Қытайдағы Shanghai Jiao Tong университетінде білімін шыңдаған.
🌱Кездесуде Әдемі Жақып өзі туралы, Зияткерлік мектепке қалай оқуға түскені жөнінде Америкадағы оқуы, университет қабырғасында жасаған ғылыми зерттеулері туралы әңгіме өрбітті.
🌱Сонымен қатар, мектеп оқушылары Әдеміге ағылшын тілін дамытуда қандай кітаптар оқу қажет және Ielts-қа дайындық тураы сұрақтар қойып, кері байланыс орнатты.
🌱Кездесу соңында мектеп директоры Балқан Маратұлы сөз сөйлеп, Әдемі Жақыпқа ғылым мен ізденіс жолында сәттілік тіледі.
🌱Бағдарламаның толық нұсқасын ютуб арнамыздан сілтемені басу арқылы көре аласыздар: https://www.youtube.com/watch?v=XGUP0r4SxTc