Мұхтар Әуезовтың 125 жылдығына орай оқушылар арасында мектепішілік олимпиада өтті
🌱Қазақ әдебиетінің шоқтығы биік тұлғасы М. Әуезовтың 125 жылдық мерейтойына орай Зияткерлік мектептің оқушылары арасында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен мектепішілік олимпиада өткізілді.
🌱Олимпиада мақсаты: оқушылардың жазылым дағдыларын қалыптастыру, жазушының шығармашылығымен таныстыру, қазақ тілі мен көркем әдебиетке деген қызығушылығын арттыру.
🌱Жалпы олимпиадаға 100 оқушы қатысып, екі кезең бойынша өткізілді.
🌱Оқушылар жазушының шығармашылығы бойынша эссе жазып, теориялық сұрақтарға жауап берді.