lOGO-NIS-TURKISTAN5-993x1024 (1)
«Green NIS» үйірмесінде оқушылар арнайы өндіріс әдісімен өсімдіктер екті
🌱Үйірмеде оқушылар балықтар мен өсімдіктер бір жүйеде бірге өсірілетін өндіріс әдісін бақылап, осы әдісті қолдану арқылы аквапоникаға өсімдіктер отырғызды.
🌱Аквапоника — бұл балықтар мен өсімдіктер бір жүйеде бірге өсірілетін өндіріс әдісі. Балық өндірісінің азот қосылыстарымен қаныққан қайта өңделген су, өсіп келе жатқан өсімдіктерді қоректендіреді. Өсімдіктер, өз кезегінде, балықтың мекендеу ортасына қайтарылатын суды тазартады және сүзеді. Бұл құрғақ аймақтарға немесе шектеулі суармалы шаруа қожалықтарына арналған ұтымды шешім. Сонымен қатар, аквапоникада оқушылар цитрусты өсімдік өсіру, микрозеленьдер өсіріп тәжірибе жасайды.
🌱Бұл үйірмедегі басты бағыт – табиғатты қорғау, экологияны сақтау, оқушыларды еңбекке баулу. Үйірменің негізінде оқушылардың Отанға деген сүйіспеншілігін оятып, мектебіміздің жасыл желекке айналдыру мақсатында олардың жалын-жігерін, күш-қуатын бір арнаға тоғыстыра алады.
🌱Үйірмеге қатысқан оқушылар өздері өсімдікті өсіріп, күтіп баптап, өскен өнімді көзбен көріп, тәжірибелік жұмысты жасай алады.