lOGO-NIS-TURKISTAN5-993x1024 (1)
Тоғызқұмалақ үйірмесінде оқушылар ойын тәсілдерін үйрену арқылы ой өрістерін қалыптастыруда
🌱Тоғызқұмалақ өткен ғасырлардан бері қазақ даласындағы ең кең тараған ұлттық ойын түрлерінің бірі.
🌱Қазіргі таңда әлемде тоғызқұмалақ ойынына ұқсас мысырлық калах, Шри-Ланкада олинда калия, қырғыздарда тогуз коргоол, африкалықтарда манкала, габата, абапа, нам-нам, бао, тамподуо, омвесо, маработ, тұрақты америкалықтарда аджи-бото, варри роунд жане роунд, азиялықтарда сунгка, паллангули, гонгкак сынды ойындар бар.
🌱Қазақстан тәуелсіздік алған жылдан бері тоғызқұмалақ жылдан-жылға дамып келеді. Бұл жерде жаңа құрылған тоғызқұмалақ федерациясының ықпалы зор болып отыр. Бүгінгі таңда осы қауымдастықтың арқасында елдің түкпір-түкпірінде үйірмелер ашылып, тоғызқұмалақтан жарыстар жиі өткізіліп келеді. Ұжымдық жұмыс оқушылардың бір-бірімен қарым-қатынас жасау қабілетін дамытады.
🌱Үйірмеде оқушылар ең алдымен тоғызқұмалақ ойынының ережесімен танысып, ойын тәсілдерін үйренді.
🌱Жалпы үйірменің мақсаты: оқушылардың ойлау қабілетін, санасын, назарын, шығармашылық қиялын, байқағыштығын ой желісінің дәлде алыстан болжау қасиетін дамыту болып табылады. Одан бөлек, оқушылардың тез ойлап, тез есептеу дағдыларын арттыруда ментальді арифметика элементтері жетіледі.
🌱Үйірмеден күтілетін нәтиже оқушылар тоғызқұмалақ ойынын үйреніп, ойлау қабілетін кеңейтіп, есте сақтау, болашақты саналы жоспарлау қабілеттері дамиды.