САЗБАЛШЫҚ ӨНЕРІ ҮЙІРМЕСІНДЕ ОҚУШЫЛАР ҚҰМЫРА ЖАСАУДЫҢ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІН ҮЙРЕНДІ
🌱Бүгінде зияткерлік мектепте үйірме жұмыстары бастау алды. Соның бірі керамика сазбалшық өнері.
🌱Сазбалшық өнері көнеден бастау алған кәсіп түрі. Оның тарихы ғасырлар бұрын бастау алып, жасалу технологиясы жылдан-жылға күрделене түскен. Ежелден осы күнге дейін келе жатқан және өте кең көлемді тараған өнердің бірі сазбылшықтан әртүрлі тұрмысқа қажетті бұйымдар жасау болып табылады.
🌱Сазбалшық өнері аса көп шикі заттарды талап етпейді, өндіріске қолайлы әрі тиімді. Бұдан оқушы-жастардың ой өрісі кеңейетіні даусыз, олар балшықтан әртүрлі техникада өрнек, белгілі бір стилизация салған кезде қолдары да тез үйренеді.
🌱Оқушылар үйірмеде саз балшықпен таныс болып, техникалық құрылғылармен қалай жұмыс жасау керектігін және құмыра жасаудың алғашқы жолдарын үйренді.